• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:33:27
Алматы
+12°

Бүгін отыз күн бойы ораза тұтқан Алматы жамағаты Ораза айт намазын оқуға жиналды. Екі жыл айт намазын оқи алмаған қала жұртшылығы Орталық мешіттің іші мен сыртына лық толды.

Шаһардың бас имамы Төлеби Дәділұлы айт мерекесіне жиналған жамағатқа ораза айтты тойлаудың тәртібі мен мәні мен маңыздылығы турасында уағыз айтты.

Фото: Asan.kz

«Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке. Әсілі, Ораза айт қасиетті Рамазан айы аяқталғанының белгісі ғана емес, ол – бір айлық құлшылығымыздың қуанышы мен жемісі. Бұл – араздасқан адамдар татуласып, туысқандық байланысты күшейтетін мейрам. Алла Тағала Құранда: «Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр», - деп (Ағраф, 199) мұсылмандарды барынша кешірімді болуға шақырған. Сол себепті, ренжісіп қалған кісілермен татуласу, қатынас үзілген туыстардың үйлерін арнайы аралау да айт күндері аса маңызды», - деді бас имам.  

Қала әкімі Ерболат Досаевтың Айт мерекесімен арнайы құттықтауын қала әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы алматылық жамағатқа жеткізді.

«Баршаңызды мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді» Ораза айт мерекесінде тілеген барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!» делінген қала әкімінің құттықтау хатында.

Айт намазынан соң кәсіпкерлердің демеушілігімен 200 балаға айттық сыйлықтар үлестірілді. Орталық мешіттің алаңында 500 адамға айттық дастархан жайылып, жамағат ынтымағы мен бірлігі үшін ұлттық ойындардан сайыстар өткізілді. Жүлделі орын алған қатысушыларға қаржылай және бағалы сыйлықтар берілді.

Фото: Asan.kz

Осылайша алматылық мұсылман жамағаты айт мерекесін имандылық сән-салтанатына сай атап өтті.

Дереккөз: Asan.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір