• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:10:51
Алматы
+7°

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысы бойынша департамент қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады.

 

"Әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған, оның 30-ы – мүгедек, 60-ы – зейнеткер. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша Қарағанды облысындағы қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды" делінген ақпараттық хабарламада.

 

Қарағанды облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қылмыстық іс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір