• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 05:01:16
Алматы
+35°

 

– Ең алдымен, мен вайнерлер, блогерлер деп аталатындар туралы айтқым келеді. Олар басқа азаматтармен қатар қолданыстағы Конституцияға сай тең құқықтары мен міндеттері бар қарапайым адамдар. Қылмыстық қудалау органдары үшін олардың ешқандай айырмашылығы жоқ, мәртебесі немесе жұмыс орнының болуы маңызды емес. Айтайын дегенім, өздерін вайнер атап жүргендер (үшеу) қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

 

Қазақстандық үш вайнер қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық етті деп айыпталып отыр. Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК мөлшерінде (3 063 000 тенге) кепіл өтеп босатылса, Саидбаевқа іздеу жарияланған.

Санжар Әділовтің айтуынша, вайнерлердің екеуіне қатысты прокурордың ұсынысы бойынша сот кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. Ал үшінші вайнер Саидбаев сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қашып кеткен.

– Бүгінде соттың санкциясымен ол сырттай қамауға алынып, халықаралық іздеу жарияланды, оның жүрген жерін анықтау және қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Санжар Әділов.

Тергеу департаментінің басшысы, бүгінгі таңда құзырлы органдар Mudarabah Capital-ға қатысты жеткілікті айғақ жинағанын атап өтті. Зардап шеккендерге келтірілген материалдық шығынды өтеу мақсатында тергеушілер Алматы, Нұр-Сұлтан және Алматы облысында орналасқан мүліктерді тәркіледі: төрт жер телімі, 10 пәтер, бес үй, екі көлік, бір дүкен.

Сонымен қатар, осы іске қатысты ақша да тәркіленіп, қазір қамауға алынған мүлікті бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір