• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:17:34
Алматы
+12°

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәжілістің жалпы отырысында кеше үкімет зейнетақы мен жәрдемақыларға индексация жасау бойынша шешім қабылдағанын мәлім етті.

– Инфляция дәлісінің 8-10 пайызға дейін жоғырылауына байланысты зейнетақы мен жәрдемақыларды 4 пайызға индексациялау жоспарланып отыр. Бұл 2021 жылға қарағанда әлеуметтік төлемдердің өсімін 9 пайызға, зейнетақының 11 пайызға артуын қамтамасыз етеді. Өсім әлеуметтік төлем алатын 4 миллион 200 мың адамды қамтиды. Аталған мақсатқа бюджеттен қосымша 111 миллиард қаржы бөлу қарастырылып отыр, – деді ол.

Әдетте индексация жылдың басында үкімет бекіткен қымбатшылық деңгейіне шамалас дейгейде жасалатын. Биыл өсім 5 пайызды құраған. Қосымша индексация маусым-шілде айында жасалады деп күтіліп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір