04 Сәуір, 2022 Экономика
Көрнекі сурет
Picodi.com сайтының сарапшылары әртүрлі мемлекеттердің тұрғындары елдегі орташа жалақыны ала тұра қанша жылда 1 миллион доллар таба алатынын есептеп көрді.
Рейтингке 102 ел кірген. Швейцарияда орташа жалақы алатын адам 13 жыл 4 айда 1 миллион доллар таба алады. Австралияда бұған 20 жыл 1 ай кетеді. Сингапурда 20 жыл 2 ай, Люксембургте, 20 жыл 4 ай, АҚШ-та 23 жыл 1 ай жұмсалады.
Қазақстан рейтингтің 87-сатысына жайғасқан. Елде орташа жалақы (ақпан айында 272 968 теңге) алатын адам үшін миллион доллар табуға 245 жыл 11 ай қажет болады.
Көршілес елдерден Ресей 70-сатыда (191 жыл 9 ай), Армения 79 (215 жыл 4 ай), Грузия 83 (230 жыл 2 ай), Әзербайжан 89 (257 жыл 1 ай), Өзбекстан 96-сатыда (318 жыл 4 ай) жайғасқан.
Деректерге салық пен міндетті жарналар ұсталынып қалғаннан кейінгі орташа жалақы мөлшері пайдаланылған. Қазақстан жағдайында 1 доллар 504,4 теңге тұрған наурыз айындағы курс басшылыққа алынған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір