26 Наурыз, 2022 Экономика
Көрнекі сурет/agroinfo.kz
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының 1,7%-ға өскен. Ал жыл басынан бергі қымбатшылық 9,9%-ды құраған. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңес барысында айтылды.
Бір апта ішінде ең көп қымбаттаған өнімдер: қырыққабат – 11%, пияз – 9,3%, қант – 6,3%, картоп – 4,7%, сәбіз – 3,3%, тауық жұмыртқасы – 1,7%.
Бір аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының ең жоғары орташа өсімі Алматы қаласында және Қарағанды облысында – 3,5%-ға, Түркістан облысында – 2,5%-ға, Жамбыл облысында – 2,2%-ға тіркелген.
"Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етілген шектерде ұстап тұру және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өткен аптада елімізде мониторингтік топтардың жұмысы республикалық маңызы бар қалалар мен өңірлер деңгейінен аудандар деңгейіне дейін кеңейтілді. Премьер-Министрдің Түркістан облысынан ерте пісетін көкөністерді жеткізуге алдын ала шарттар жасау туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанның 9 өңірі келісімшарт жасап, ерте пісетін қырыққабатты жеткізуге қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 1,1 млн тоннаны құрайтын ӘМАТ жеткілікті қоры қалыптастырылды. Атап айтқанда, картоп қоры 380 мың тоннаны құрайды, ерте егін болжамы 170 мың тоннадан асады; 32 мың тонна қырыққабат сақталуда. Бүгінгі таңда қант қоры 34,5 мың тоннаны құрайды (елдің орташа жылдық қажеттілігі – шамамен 44 мың тонна), оған қоса кейін өңделетін 30 мың тонна қант шикізаты бар" делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Монополияға қарсы әрекет ету шараларын қолдану аясында тауық етін көтерме саудада жеткізуші (Қостанай облысы), тауық жұмыртқасын өндірушілер (Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары), көтерме саудада жеткізуші (Ақтөбе облысы), аммиак селитрасын (Маңғыстау облысы) және аммофос өндірушілер (Алматы) бойынша 8 тергеу жүргізіліп жатыр.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір