• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:24:36
Алматы
+12°

Фото: Жанболат Мамай онлайн facebook парақшасынан

Тіркелмеген Демократиялық партияның жақтастары Алматы қаласы полиция департаменті ғимаратының алдында белсенді, "Демпартия" жетекшісі Жанболат Мамайды бостандыққа шығаруды талап етіп, аштық жариялады.

Белсендінің әйелі, журналист, құқыққорғаушы Инга Иманбайдың айтуынша, Жанболат Мамайды 2 айға қамауға алу бойынша санкциялық сот шешімі шықпаған, алайда прокурор белсендіні 2 айға қамауды сұрап отыр.

Жанболаттың жақтастары тергеу сотының шешімін күтпестен белсендіні босап туды талап етіп, аштық жариялайтынын мәлім етті.

Сөздерінше, Жанболат Мамайды босатпайынша, полиция департаменті ғимаратынан кетпейді.

Бұған дейін қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алу митингіне қатысқаны үшін бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды деген айыппен 15 тәулікке қамалған Жанболат Мамай әкімшілік жаза мерзімі аяқталар шақта 2 айға қамалуы мүмкін екені хабарланған. Жанболат Мамай үстінен "Полицияны қорлады, жалған мәлімет таратты" деген айыптар бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім еткен.

 

Оппозициялық журналист Ермұрат Бапи Жанболат Мамайдың үстінен қылмыстық іс қозғалуының саяси астары бар деп санайды. Сөзінше, мұның артында Демократиялық партия деген атаумен саяси партия құрғысы келіп жүрген белсендінің әрекетін тоқтату ойы тұр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір