• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 22:45:53
Алматы
+35°
Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қарсы демонстрациялар әлемнің кқптеген елінде, соның ішінде Ресейде де өтуде. Бұл туралы BBC жазды.
 
Кремльді сынаушы Алексей Навальный халықты президент Путинге және Украинаға басып кіруге қарсы тұруға шақырды.
 
Полиция Мәскеу орталығындағы Манежная алаңында наразылық білдірушілердің бір бөлігін ұстаған.
 
Санкт-Петербургтағы соғысқа қарсы шерулер кезінде кем дегенде 13 журналист пен тағы 12 адам ұсталғаны хабарланды. "Оларды ұстау себебі түсіндірілмеді" деп жазды журналист Андрей Окун өзінің Telegram-каналында.
 
Ол ұсталған журналистердің барлығы пресс-жилет киіп, пресс-карталарын алып жүргенін айтты.
 
"Бірақ бұл ешкімді қызықтырмайды, ал, (біздің) мақсат – ешкімнің ештеңені жасырмауын қамтамасыз ету" деп жазды ол.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір