12 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Украина президенті Владимир Зеленский соңғы видео үндеуінде ресейлік аналарға ұрыс даласына балаларын жібермеуге шақырды. Бұл туралы "France24" басылымы хабарлады.
"Мен орыс аналарына, әсіресе әскерге шақырылғандардың аналарына тағы бір рет айтқым келеді, балаларыңызды жат елге соғысқа жібермеңіздер" деді ол.
Зеленский оларды "жаттығулар үшін бір жерге жіберіледі немесе жауынгерлік емес шарттарға жібереміз" деген уәделерге сенбеуге шақырып, Украинаға соғысуға жіберілді деген күдік туындаса, "тез арада әрекет етуге" шақырды.
Сәрсенбі күні Ресей Украинадағы өз күштері қатарында әскерге шақырылғандардың барын, олардың көпшілігі ұрысқа дайындықтан өтпегенін алғаш рет мойындаған және олардың бірқатарының (Украинада) тұтқынға алынғанын жариялаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір