09 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания парламентіне бейнебайланыс арқылы үндеу жасады.
"Cпикер мырза, премьер-министр мырза, парламент депутаттары, лордтар, ханымдар мен мырзалар, мен сіздерге және Біріккен Королдіктің барлық халқына, барлық Ұлыбритания халқына, ұлы тарихы бар ұлы халыққа үндеу жолдаймын.
Мен ұлы арманы бар, ұлы күш-жігері бар тағы бір үлкен елдің азаматы ретінде және президенті ретінде үндеу жолдаймын.
Мен 13 күнге жалғасқан соғысты, біз бастамаған, біз қаламаған соғысты айтқым келеді.
Біз өзімізде бар нәрсені жоғалтқымыз келмейді, біздікі болған нәрселерді жоғалтқымыз келмейді.
Біздің қазіргі Украина кезіндегі нацистер шабуыл жасап, сіздер қорғауға тура келген Ұлыбритания сияқты. Сол кезде сіздерге соғысуға тура келіп, өз еліңіз үшін соғысқандарыңыз сияқты.
Қазір біз үшін сұрақ "болу немесе болмау" (to be or not to be Шекспирдің сөзі). Бұл Шекспирдің сұрағы екенін білесіздер. 13 күн бойы бұл сұрақты қоюға болатын еді. Бірақ қазір мен сізге нақты жауап бере аламын: бұл – міндетті түрде иә, болуы керек.
Сіздерден, өркениетті елдерден көмек күтеміз. Біз бұл көмек үшін алғыс айтамыз және мен Бориске өте ризамын.
(Басқыншы) елге қарсы санкциялардың қысымын арттырып, бұл елді террористік мемлекет деп тануларыңызды және Украина аспанының қауіпсіз болуын сұраймыз.
Ұлы еліңіздің не істеу керек екеніне кепілдік беріңіздер.
Біз берілмейміз, жеңілмейміз, соңына дейін барамыз.
Украинаға және Ұлыбританияға даңқ " деді ол бейнеүндеуде.
Украина президенті сондай-ақ "тірі жүруі мүмкін" 50 бала туралы айтты. "Бірақ орыс әскерлері оларды өлтірді" деді ол.
Сонымен бірге украин қалалары Ресей қоршауында қалғандықтан шөлден қайтыс болған украиндер туралы айтты.
Зеленский Ұлыбританияның соғыс кезіндегі премьер-министрі Уинстон Черчилльдің 1940 жылғы әйгілі сөздерінің бірінен де үзінді келтірді.
Черчилльдің "Біз берілмейміз, жеңілмейміз, соңына дейін барамыз.
Теңізде соғысамыз, ауада соғысамыз, жерімізді қорғаймыз.
Біз барлық жерде соғысамыз ... және біз берілмейміз" деген сөзін тілге тиек етті.
Ол сондай-ақ өз үндеуінде Уильям Шекспирден цитата келтірді.
Зеленский Украинаның аспанында ұшуға тыйым салу туралы бұрынғы үндеуін қайталап: "Бізде әлі де аспан ашық, аспанымыз ресей зымыран ұшақтары мен тікұшақтары үшін әлі де ашық" деді.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украина лидері "барлық жұрттың жүрегін елжіреткенін" айтты және Ресей президенті Владимир Путинге "санкцияларды күшейтуді" жалғастыруға уәде берді.
Ұлыбританияның Еңбек партиясының көшбасшы сэр Кейр Стармер де Украина президенті мен оның халқының "батылдығы және бекемдігін" жоғары бағалап: "Ол (Зеленский) өзінің күшін көрсетті және біз оған және украин халқына біздің міндеттеме мен қолдауымызды көрсетуіміз керек" деді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір