• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:02:45
Алматы
+12°

Белгілі бизнесмен, "Бутя" лақап атымен танылған саясаткер Болат Әбілов партия құратынын мәлім етті. Бұл туралы ол медиакәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты.

Ол әрқашан қоғамның эволюциялық жолмен дамығанын қалайтын адам болғанын, ешкімнен ештеңе тартып алуды ойламайтынын, ешкімді қызғанбайтынын айтады. Саяси алаңда билікпен күресіп жүрген азаматтарға ризашылығын білдіріп, жаңа саяси күштер көбірек құрылғанын құптайтынын жеткізді.

Кәсіпкер жемқорлық схемалары арқылы, жекешелендіру барысында ұрланған байлық қайтарылуы керек деп санайды.

Саясаткер "қаңтар оқиғасынан бері екі ай өтсе де үкімет қазақстандықтардың жағдайын жақсарту жолында ештеңе жасамады, керісінше халық тұрмысы нашарлай түсті" дейді.

Сөзінше, 13 ақпан күнгі қаралы митингке шығуы саяси карьерасын жандандырудағы алғашқы қадамы болған.

Болат Әбілов заңнамалық негізде азаматтарға оқу атуға тыйым салу керектігіне қол жеткізгісі келетінін атап өтті.

"Ескі кадрлармен жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес" деген ол мемлекеттік мүдде бәрінен жоғары қойылуға тиіс, Мәскеуге жалтақтауды доғары қажет деген ойларды айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір