• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 05:48:30
Алматы
+35°
Ресейде Азаттық радиосы Орыс қызметінің, Медуза", BBC, Deutsche Welle басылымдарының сайттары бұғатталды.

Азаттықтың қазақ қызметі Орыс қызметіне жіберілген хабарламада сайтта "қоғамдық маңызды ақпараттың бұрмаланып берілгені" жөнінде ескерту барын хабарлады.

"Роскомнадзор сайттағы "Ресейдің Украинаға басып кіргені жөнінде" ақпаратты шындыққа сәйкес келмейді деп таныған. Роскомнадзордың айтуынша, Ресей "Украинамен соғысып жатқан жоқ, оны ресми дереккөздер, оның ішінде Ресей қорғаныс министрлігі" айғақтаған. Соғыс туралы ақпарат таратқаны үшін бұған дейін Азат Еуропа/Азаттық радиосының "Настоящее время" жобасы, Азаттықтың Украин қызметінің "Крым.Реалии" жобасы бұғатталған. Бір ай ішінде Азаттықтың Орыс қызметі Роскомнадзордан ондаған ескерту алған, арасында оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың командасы мен "Проект" басылымының зерттеулері негізінде жазылған мақалаларды өшіру туралы талаптар бар. Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флай сол кезде редакция бұл талаптарды орындамайды деп мәлімдеген" делінген ақпараттық хабарламада.

Meduza өзінің Telegram-каналында Роскомнадзор сервисі сайт жұмысы бас прокуратураның 24 ақпандағы "Ақпарат, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты қорғау туралы" заңына сай шектелгенін түсіндіргенін хабарлады.

Заңда жаппай тәртіпсіздікке, экстремистік әрекетке шақырған, терриризм актісі туралы жалған ақпарат тарататын, қоғамдық тәртіп немесе қауіпсіздіктің жаппай бұзылуына әкеліп соғу қаупі бар ақпаратты таратушыларға шектеу енгізілетіні айтылады.

Бұған дейін ресейлік "Дождь" телеарнасы қызметін уақытша тоқтатқан. "Эко Москвы" басылымы директорлар кеңесі радио мен сайттарын жабу туралы шешім қабылдаған.

Аталған ақпарат құралдары Ресейдің Украинаға басқыншылығы туралы ашық, бейтарап ақпарат таратқаны үшін осылай қуғынға ұшырап отырғанын айтады. Ресей билігіне қарасты баспасөз оқиғаны біржақты баяндап, бұрмаланған ақпарат таратып, Путин басқыншылығын "Донбасс тұрғындарын Украина тарапынан жасалып жатқан қылмыстық әрекеттерден қорғау" деп түсіндіріп жатыр.

Бүгін Ресей думасы "фейк туралы" заң қабалдайды деп күтіліп отыр. Оған сай Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратқандарды 15 жылға бас бостандығынан айыру көзделген.

Украина ұрыстар кезінде екі жақтың да шығыны туралы хабарлап, Ресей 10 мыңнан астам жауынгерін жоғалтқанын мәлім еткен. Украин, батыс журналистері ресми Мәскеу мен Кремьге бағынышты баспасөз құралдары қақтығыс басталғалы адам шығынын жасырып, азайтып көрсетіп жатқанын жиі жазады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір