02 Наурыз, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Парламенттің төменгі палатасы мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
Назарбаеваның отставкасына 99 депутат дауыс берсе, 1 депутат қалыс қалған. Дариға Назарбаеваның өзі отырысқа қатысқан жоқ.
Қаңтар оқиғасынан бері мәжілістегі отырыстарға келмеген Дариға Назарбаева 25 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясына депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берген.
Ресми ақпарат бойынша ол коронавирус жұқтырып, Алматыдағы үйінде емделіп жатты. Бейресми ақпараттарда Дубайда екені айтылған.
Ол 28 қаңтарда NurOtan партиясы саяси кеңесі құрамынан шығарылған.
Қаңтар оқиғасына дейін билік қатарында, квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте болған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің өкілдері осылайша толықтай қызметтерінен кетті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір