• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:05:31
Алматы
+12°
 
Қорғаныс министрлігі көктем келуімен Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде із-түссіз жоғалған сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары қайта басталатынын хабарлады.
 
Сержаннның денесі әлі күнге дейін табылмағандықтан, оның жақындары мемлекеттік компенсациядан қағылып отыр.
 
Министрлік мәліметінше, іздеу жұмыстары қысқы маусымға байланысты уақытша тоқтатылған.
 
Жарылыстан қаза тапқандардың отбасы мемлекеттен төмендегідей компенсация түрлерін алған.  
  • Қаза тапқан әскери қызметкерлерге бірреттік компенсация – 60 960 000 теңге (5 адам)
  • Қаза тапқан әскери қызметкерлерді жерлеуге компенсация – 1 166 700 теңге (5 адам)
  • Әскери қызметкердің қаза табуына байланысты бес жылдық жалақысы мөлшеріндегі компансация – 52 417 800 теңге (5 адам)

26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оқ-дәрілер жарылған.

Жарылыс салдарынан 17 адам қаза тауып, әскери бөлім маңындағы Қайнар ауылындағы ғимараттар бүлінген.

Хабар-ошарсыз кеткен 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев әлі табылмады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір