• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:11:05
Алматы
+12°

28 ақпаннан бастап ресейлік ұшақтарға Еуроодақ аумағының үстінен ұшуға тыйым салынды. Бұл туралы Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен 27 ақпанға қараған түні мәлімдеді.

– Біз Еуроодақтың әуе кеңістігін Ресейге жауып жатырмыз. Біз Ресейге тиесілі, Ресейде тіркелген, Ресей бақылауындағы барлық ұшақтарға тыйым салып жатырмыз. Олар енді Еуроодақтың әуе кеңістігі арқылы қонып, ұша алмайды, – деді Еурокомиссия төрағасы.

Сонымен қатар, ол ЕО-ның қаржылық тұрақтылығы үшін қажетті операцияларды қоспағанда, Орталық банктің резервтері мен активтерін басқаруға байланысты операцияларға тыйым салынатынын айтты.

Бұл шектеулер Ресей Орталық банкінің атынан немесе оның нұсқауы бойынша әрекет ететін кез келген заңды тұлғаларға қатысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір