• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:34:11
Алматы
+12°

Фото: М.Әуезов театрының баспасөз қызметі

Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Премьералар апталығы» басталды. Апталық 23-26 ақпан аралығында өтеді. Осы төрт күнде көрерменге бес жаңа қойылым жол тартады. Осыған орай бүгін сахна өнерінің бүгінгі  таңдағы өзекті мәселелерін арқау ететін  дөңгелек үстелдер, семинарлар және лекциялар ұйымдастырылды.

Мәдени іс-шара сағат 17.00-де баспасөз конференциясымен басталды. 2020 жылдың 20 желтоқсанында ҚР Президентінің арнайы Жарлығымен театрға «Ұлттық» мәртебесі берілген болатын. Осыған орай, конференция барысында театрдың жаңа логотипі мен жаңа сайтының таныстырылымы өтті.

Баспасөз конференциясына М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі – А.Әшімов, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Е.Жуасбек, «Қан мен тер. Ақбала» трагедиясының қоюшы-режиссері – А.Оспанбаева, «Қытайдан жеткен сәлемдеме» драмасының қоюшы-режиссері – А.Қабдешова, «Мақшар түнгі махаббат» мистикалық драмасының қоюшы-режиссері – Ж.Жұманбай қатысты.

Баспасөз-конференциясы барысында жаңа қойылымдардың бүгінгі қоғам үшін маңызы, жанры мен стильдік ерекшеліктері, актерлік құрамы сынды мәселелер талқыланды.

Сағат 18.30-да қоюшы-режиссер А.Оспанбаеваның (авт. Ә.Нұрпейісов)   «Қан мен тер. Ақбала»  трагедиясының премьерасы өтті.

24 ақпанда қоюшы-режиссер А.Қабдешованың «Қытайдан жеткен сәлемдеме» (авт. Р.Отарбаев) драмасының, 25 ақпанда қоюшы-режиссер Н.Қарабалинаның «Бейтаныс таныстар» (авт. А.Батырқызы) және қоюшы-режиссер Р.Жұрынбайдың «Қайдасың, мама?!» (авт. Ж.Бауыржанқызы) моноспектакльдерінің, 26 ақпанда қоюшы-режиссер Ж.Жұманбайдың «Мақшар түнгі махаббат» (авт. Д.Исабеков) мистикалық драмасының премьералары шымылдығын түреді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Өнер М.Әуезов театры

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір