• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:49:45
Алматы
+12°

Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі қызметінен кетті, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды" " делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта экс-министр президент кеңесшісі лауазымына тағайындалғаны белгілі болды.

Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі – заңгер, ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастаған.
 
1986-2002 жылдары Алатау және Калинин АІІБ-ның тергеу-жедел бөліністерінде, сондай-ақ Алматы қаласының ҚІІД-де әртүрлі басқарушы лауазымдарды атқарған.
 
2002 жылдың ақпаны мен қыркүйегі аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тоғызыншы департаментінің бастығы.
 
2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық полиция департаментінің бастығы.
 
2003-2006 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бөлім бастығы, бастығы.
 
2006-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің бастығы.
 
2006-2012 жылдары – Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.
 
2012 жылдың желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болған.
 
2019 жылдың 12 ақпанында ҚР Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ерлан Тұрғымбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір