25 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ұлыбритания мен АҚШ Ресейге санкция жариялайды.
Алдағы бірнеше минутта Ұлыбританияның Ресейге қандай санкциялар салатыны жарияланады.
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Гринвич уақытымен сағат 17:00 шамасында Қауымдар палатасында мәлімдеме жасайды.
Осыдан кейін АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы жаңа қақтығысқа қатысты алғашқы мәлімдемесін Гринвич уақытымен 17:30-да айтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Ақ үй.
Ал Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ресейді "Swift" ақша аудару жүйесінен ажыратып тастауға шақырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір