• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 23:00:46
Алматы
+12°

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы оқиғаларға қатысты пікір білдірді. Ол шиеленісті келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешу маңызды екенін айтты.

– Біз жағдайдың ушығып, жаңа кезеңге шыққанын көріп отырмыз. Ақпарат келіп жатыр, оған сәйкес жағдай шиеленістің жаңа деңгейіне көтерілді деуге болады. Бұл жағдайда келіссөздер арқылы осы қақтығыстың саяси бейбіт шешімін іздеу өте маңызды. Барлық мүдделі тарап шақырылған келіссөз. Келіссөздер барысында барлық қатысушы тарап мүдделері ескерілуі керек және БҰҰ шеңберіндегі келіссөздер тиімді болар еді, – деді сенат төрағасы.

Әшімбаев сондай-ақ Қазақстан ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында қақтығыш ошағына бітімгерлік күштерді жібермейтінін, тек ұйымға мүше елдер аумағына жібере алатынын жеткізді.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі азаматтарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етіп жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы Донбасс аймағын қорғаймыз деген желеумен арнайы әскери операция бастайтынын мәлімдеген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір