• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қыркүйек, 05:03:55
Алматы
+35°

Алматы қаласы полиция департаменті Ішкі қауіпсіздік басқармасы танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаевқа қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлады КазТАГ ақпарат агенттігі.

"Алматы полиция департаменті біреудің ақшасын алдап алған ер адамды ұстау фактісін растайды. Қазір аталған фактіні Алматы ПД ІҚБ тергеуде. Іс қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Сондай-ақ күдіктінің құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екенін ескертеміз" делінген хабарламада. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде таралғандай, Mudaraba Capital және AstexKZ қаржы пирамидаларының жұмысына байланысты қозғалған резонанстық қылмыстық іс барысында 4 ақпан күні ІІМ Қауіпсіздік қызметі мен Алматы қалалық полиция департаментінің Күзет қызметі мамандары Алматыда құзырлы органның экс-қызметкерін 10 млн теңге көлемінде пара алу үстінде ұстаған.

"Пара іске қатысы бар адамдардың бірінен алынған. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осы оқиғаларға байланысты соңғы 10 айда аталған қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық істі тергеген жедел топтың басшысы қызметінен шеттетілді. Ұстау әрекетінен кейін іс тергеу тобының жаңа басшысына берілді. Содан кейін танымал блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов заңды түрде жәбірленуші мәртебесінен күдікті мәртебесіне ауыстырылды" делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 10 ақпанда қазақстандық үш белгілі вайнер Мейіржан Төребаев, Мейіржан Шерниязов, Азимжан Сайдбаев қаржы пирамидасына жетекшілік етті деген күдікке ілінген. Кейін Төребаев пен Шерниязов 1000 АЕК мөлшерінде (3 063 000 тенге) кепіл өтеп, босатылған. Тергеу мәліметтері бойынша, вайнерлер Mudarabah Capital қаржылық пирамидасын жарнамалап қана қоймай, сонымен бірге оның иелері ретінде үнемі табыс алып отырған. 11 ақпанда полиция Саидбаевты іздестіру жұмыстары басталып, оны сырттай екі айға қамау туралы шешім шыққан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір