• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:39:31
Алматы
+12°

ҚР премьер-министрінің бірінші Роман Скляр утилизациялық алым көлемін 50 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылданғанын мәлім етті.

Алайда бұл жаңалыққа қуанып жатқандар көп емес. "Утильалымға жол жоқ" тобының белсендісі Нуриддин Садықов бір күн бұрын утилизациялық алым ставкасын 50 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылданып жатса, келіспейтінін мәлімдеген.

Әлеуметтік желідегі әңгіме ауанына қарап та үкімет шешімін құптап отырғандар жоққа тән екенін аңғаруға болады.

Журналист Риза Тұрдақынқызы қабылданған шешім халықты алдау деп санайды.

 
"50% ге түсті, утильалым. Ал, бұрын жиналған 200 млрд-тың, 100 млрды 4% -тік автонесиеге жұмсалады. Алғашқы жарна 0 теңге болмақ. Сөйтіп өкімет халықтың өз ақшасын өзіне несие етіп беріп отыр. Онда да арзан көліктерге ғана беріледі, бұл несие. Мазақ ету ғой бұл! Шулаған қалың кедейге сүйек лақтырып отырғандай көрінеді ғой!
Ал, барыңдар енді пресс турға. Сөзім жоқ. Қатты ашулымын!
Мәз болып пресс-турға бардыңдар. Ал, Скляр оны желеу етіп, бізде өндіріс бар деп мақтанып отыр. Жем болып халық қалды!
Утильалымның шаруасы шешілгенше бармай тұра тұруға, шулап жүгіре жөнелмеуге болмас па еді. Обал жоқ қой, обал жоқ!" дейді ол.
 
 
Ал журналист Серік Жолдасбай утильалым мөлшерін төмендету мәселесі президент Тоқаев үшін сынақ болғанын, президент сол сынақтан сүрінгенін айтады.
 
 
"Үкімет утилалымды 50 пайызға төмендетті. Демек Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың емес, олиграхтардың мүддесі жұмыс істеді. Кейбір азаматтар "Тоқаевты қолдауымыз керек" дегенді жиі айтады. Өзі берген уәдені орындай алмайтын мұндай босбелбеу президенті кім қолдайды? Халықтың қолдауын алу үшін бай-бағланның емес, халықтың мүддесіне қызмет етуі керек еді. Тоқаев үндеуде өзі айтқан бірінші сынынан сүрінді. Енді наурыздағы саяси реформасы сәтті болмаса, онда халық Тоқаевты тақтан тайдырады" дейді журналист.
 

Қаңтар оқиғасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және "Оператор "РОП-тың" қызметін тоқтатуды тапсырған. Ашық дереккөздерде "Оператор "РОП"  экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі екені айтылады.

19 қаңтарда үкімет "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтатып,  өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін, әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – "Жасыл даму" АҚ орындайтынын хабарлаған. Ұзамай журналист Вадим Борейко утильалым жинайтын жаңа ұйым ретінде белгіленген "Жасыл даму" акционерлік қоғамына Әлия Назарбаеваның қатысы бар екені туралы жазды. Бұған қатысты үкімет реакция танытқан жоқ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: утильалым

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір