• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:44:13
Алматы
+12°

Қостанай облысының бас санитар дәрігері Е.Даулетбаев карантин талаптарын жеңілдететін қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес:

  • "Ashyq" жобасына қатысатын қалааралық, облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың), объектілердің жүруіне рұқсат беріледі;
  • форумдар, конференциялар, семинарлар, отбасылық, еске алу іс-шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге рұқсат етіледі; ("Ashyq" жобасына қатысатын объектілерге) 
  • барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балаларды оқыту штаттық форматта жүзеге асырылады;
  • орта білім беру ұйымдарында, колледждер мен жоғары оқу орындарында карантин режимі сақталады. 1 инкубациялық кезеңде COVID-19 топтық ауру жағдайы тіркелген кезде 10 күнге дейін үй карантиніне оқшауланады;
  • жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам адамның (отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының) жиналуына жол берілмейді;

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір