• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:32:41
Алматы
+12°

Қырғызстан прокуратурасы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновты азаптау фактісі бойынша іс қозғады, деп хабарлады КазТАГ сайты.

– Бішкектің Ленин ауданының прокуроры Қазақстанда Викрам Рузахуновты азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп мәлімдеді музыканттың адвокаты Нұрбек Тоқтакунов.

Оның айтуынша, Қырғызстан Конституциясының 51-бабы 6-тармағына сәйкес мемлекет өз азаматтарын елден тыс жерлерде де қорғайды.

– Егер Қазақстан билігі Викрамды азаптағандарды жазаламаса, біздің билік оларды тауып, жазалауы керек. Бірақ Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі бұл іске қатысты өз бетінше тексеру бастап кеткенін айта кеткен жөн. Енді бәрі Қазақстан мен Қырғызстан құқық қорғау органдарының Кишинев келісім (Әрбiр уағдаласушы тараптардың азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұратын басқа адамдар басқа уағдаласушы тараптардың соттарына, прокуратурасына, iшкi iстер органдарына, қауiпсiздiк органдарына және құзыретiне азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жататын өзге де мекемелерiне еркiн және кедергiсiз жүгiнуге құқылы – ред) аясындағы өзара іс-қимылына байланысты, – деп айтты Тоқтакунов.

Еске сала кетейік, 9 қаңтарда "Қазақстан" және "Хабар 24" арналары "Қазақстандағы митингке қатысқаны үшін ақша алды" деп қырғызстандық азаматты көрсеткен еді. Видеода беті-аузы көгерген азамат 1 қаңтарда бейтаныс адамдар телефон арқылы хабарласып, митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынғанын, билет әпергенін, пәтерге орналастырғанын айтады. 

Көп ұзамай қырғызстандық басылымдар Викрам Рузахунов Қырғызстанда белгілі джаз музыканты екенін, Қазақстанға концертке келгенін жарыса жазды. 

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіп, Рузахуновқа полиция зәбір көрсеткенін мәлімдеп, Қазақстанға қарсылық нотасын жариялады.

10 ақпан күні Викрам Рузахунов әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанның тергеу изоляторында азапталғанын мойындап, мәлімдеме жасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір