• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:47:06
Алматы
+12°

Қанат Шарлапаев Қазақстанның даму банкі (ҚДБ) директорлар кеңесі төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлады КазТАГ ақпарат агенттігі.

"2022 жылғы 9 ақпанда Қазақстан даму банкі директорлар кеңесінің құрамынан басқарма төрағасы А.А. Әріпханов алынып, оның орнына Қ. Б. Шарлапаев сайланды" делінген хабарламада.

Шарлапаев 2 ақпанда "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингіне басшылыққа келген. Кейінірек ол 2016 жылғы қарашада Ресейде сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған Саратов облысы Марксов ауданы жиынының депутаты Бисімбай Шарлапаевтың ұлы екені белгілі болды. 

Ресейдің Саратов облысының тумасы Қанат Шарлапаев 2020 жылдан бастап 2022 жылғы қаңтардың соңына дейін "Сити" инвестбанкінің (ОАЭ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа дамушы нарықтарынның стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі аймақтық директоры болған.

2017-2020 жылдары "Ситибанк Ресейдің" Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті болған.

Оның алдында 2015-2017 жылдары "Ситибанк Казақстанның" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті болған.

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанның Даму Банкі іс жүзінде қаржы-өнеркәсіптік және құрылыс топтары өкілдерінің шағын тобы үшін жеке банкке айналды" деп мәлімдеген. 25 ақпанда Абай Саркуловтың ҚДБ-ның басшысы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір