• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 16:53:09
Алматы
+12°

Сауда министрлігі "Алтын Орда" базарының иесін атады, деп жазады orda.kz сайты.

Басылым мәліметінше, сауда ауданы  218 151 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ тауар айналымының айлық көлемі 147 млн теңге екені, күніне 500 камаз кіріп-шығатыны айтылған. 5050 сауда орны бар. Оларды 45 440 адам жалға алады.

Базарға күніне 5 мың мен 15 мың аралығында адам барады.

Үкімет базар жұмысы ішкі сауда ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін, көлеңкелі айналым барын мәлімдеді. Бірақ базарды жабу жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.

Сауда және интеграция министрлігі "Алтын Орда" базарының аумағы "KURYLYS LTD" ЖШС-ке тиесілі екенін, Atyn Orda QazTrade Ltd ЖШС субарендаға алып отырғанын мәлім етті.

Азаматтарға арналған үкіметтің деректеріне сәйкес, "KURYLYS LTD" ЖШС-ның басшысы экс – президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір