Фото: Ашық дереккөз
Украина шекарасы маңына ресейлік күштер шоғырлануына байланысты алаң күшейе түскен кезде, Ресей мен Беларусь 10 күндік бірлескен әскери оқу-жаттығуларын бастайды.
НАТО бірлескен оқу-жаттығулар қырғи-қабақ соғыстан бергі Ресейдің Беларусьтегі ең ірі әскери күштерін орналастыруы екенін айтады.
Ақ үй "оқу-жаттығулар Украинаға қатысты шиеленісті күшейтетін әрекет" деп мәлімдеді
Ресей шекарада 100 мыңнан астам әскер жинағанына қарамастан, Украинаға басып кіру жоспарын бірнеше рет жоққа шығарды.
Бірақ кейбір Батыс елдері, соның ішінде АҚШ Ресейдің шабуылы кез келген уақытта болуы мүмкін деп ескертті.
2014 жылы Ресей Украинаның оңтүстігіндегі Қырым түбегін аннексиялаған. Содан бері Украинаның шығысында ұзаққа созылған қақтығыс жүріп жатыр, онда Ресей қолдайтын сепаратистер аумақтың біраз бөлігін бақылайды. Қырымды аннексияланғаннан бері қақтығыстардан қазірге дейін 14 000 адам қаза тапқан.
Украина дағдарысына байланысты батыс елдері мен Ресей арасындағы шиеленіс қалай өрбіп жатыр:
- "Ресей Украинаға басып кіру үшін сылтау дайындап жатыр" деп хабарлады Әл-Жазира телеарнасы.
- "Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін" деген қауіп күшейген кезде АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропаға барды.
- "Барлық нұсқа тыс қалмайды. Дипломатиялық нұсқа да". АҚШ мемхатшысы Еуропаға неге бара жатыр?
- Джо Байден Ресей Украинаға шабуыл жасаса, Мәскеуді "апат" күтіп тұрғанын ескертті.
- АҚШ барлау агенттері Ресей Украинаға қашан шабуылдауы мүмкін екенін жариялады.
- Ресей соғыс ұшақтары Киевке жақын Беларусь еліне жиналды.
- Ағылшын саясаткері Ресей Украинаға басып кіретіні сөзсіз екенін және шабуыл жақын арада болатынын мәлімдеді.
- АҚШ, Ұлыбритания Украинаға қару-жарақ жіберіп жатыр.
- Дания, Испания, Франция және Нидерланды Шығыс Еуропаға жойғыш ұшақтар мен әскери кемелер жіберуде.
- Ресей ықтимал шабуыл туралы ақпараттарды жоққа шығарды.
- Германия қазірге Украинаға қару-жарақ бермейтінін айтты бірақ медициналық көмек көрсететінін жариялады.
- Екі жақ (Батыс-Ресей) соғысқа дайындықпен қоса, дипломатиялық келісімге келуге тырысуда.
- Франция мен Германия Ресейді диалогқа шақырды.
- Ресей, Украина, Германия және Франция дипломаттары келіссөз жүргізді.
- Батыс елдері Украинаға шабуыл жасалса, зардабы ауыр болатынын мәлімдеді.
- АҚШ өз азаматтарын Украинадан шығып кетуге шақырды.
- "Біз қалай болса да дайынбыз". НАТО Ресейдің талабын тойтарды.
- Байден: Бұл – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі шабуыл болуы мүмкін.
- Байден Ресейдің Украинаға қашан шабуыл жасайтынын айтты.
-
Вашингтон Ресей құбырын жауып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетінін жариялады.
- БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында Ресей мен АҚШ өкілдері сөзге келіп қалды.
- Ресей өкілі Киевтің "өз түбіне өзі жететінін" айтты.
- Вашингтон мен Мәскеу арасындағы келіссөздер шиеленісті бәсеңдете алмады.
- АҚШ Еуропаға көбірек әскер жіберетінін жариялады.
- Ресей Вашингтонның Еуропаға көбірек әскер жіберу шешімін айыптады.
- АҚШ: Ресей Украинаға басып кіруге 70% дайын. Киев бірнеше күнде қирайды.
-
Франция президенті: Ресеймен соғыссыз келісімге келе аламыз.
- АҚШ пен Германия Ресейді қалай "жазалауға" келісті.
-
Ұлыбритания санкцияларды қолдайтынын білдірді.
-
Сейсенбіде Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон The Times газетінде Ұлыбританияның аймаққа Корольдік әуе күштерінің жойғыштары мен Корольдік теңіз флотының әскери кемелерін орналастыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.
-
Еуропа: Ең қауіпті сәтте тұрмыз
- Макрон шиеленісті бәсеңдетуге кепілдік бар екенін мәлімдеді.
- НАТО: Бұл Ресейдің Киевті басып алуға дайындығы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір