Фото: Видеодан скриншот
Жаңаөзенде жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша облыстық комиссия жұмысын бастады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
"Бүгін, 8 ақпанда, облыс әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында мұнай-газ саласындағы ұйымдарға жұмысқа қабылдау алгоритмінің толық ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі комиссия құрылды.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардан басқа Жаңаөзен қаласындағы жұмыссыздар қатарынан бастамашыл топ өкілдері де кірді. Комиссияның негізгі мақсаты – бастамашыл топтың белсенділерімен бірлесіп, мәселені шешу жолдарын қарастыру және екі жаққа да қолайлы оңтайлы шешімге кел" делінген ақпараттық хабарламада.
3 ақпанда Жаңаөзеннің жұмыссыз тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдап, мәселеге назар аударуды сұраған.
"Қалада жұмыссыздық мәселесі әлі күнге дейін шешілген жоқ. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2020 жылы ұсынған тізім-схеманың әділ орындалып жатқанына сенімсіздік білдіреміз. Сонымен қатар, мұнай-газ саласындағы барлық жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруды талап етеміз" делінген үндеуде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір