03 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: azh.kz
Белгілі заңгер, Қаңтар оқиғасынан кейін қамалғандардың ісін қарау бойынша құрылған "Аманат" қоғамдық комиссиясының мүшесі Абзал Құспан әлеуметтік желідегі парақшасында тағы бірнеше адам тергеу изоляторынан шығарылғанын хабарлады.
– Алматы тергеу изоляторынан күні бүгін 50 адамды шығаруға қол жеткіздік. Кешелі-бері Талдықорған қаласында жұмыс істедік, оның нәтижесі және ел аузындағы #1 тема: Азамат Батырбаевқа қатысты кейінірек жазатын боламын, – деді заңгер.
Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, ұлттық кеңес мүшесі Уайс Ерсайынұлы Алматыдағы "СИ-18" тергеу изоляторынан шыққан азаматтардың тізімін жариялады.
– Тағы 8 адам босатылды. Олардың ішінде Керімбек Ғ, Ерзат Ө, Рысбаев С, Танкиш Е, Жақсылық Ш, Ахметов А, Қарсыбаев Ж, Тасжүреков Б. Осымен қазірге дейін барлығы 50 адам біздің "Аманат" комиссиясының араласуымен бостандыққа жіберілді. Тағы бір адам – Тимур Ким кешке дейін босатылатын болды. Тағы 6 адамның құжаттарын шығаруға дайындап жатыр, – деді Уайс Ерсайынұлы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір