01 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметі
Журналист, "Malim.kz" сайтының бас редакторы Руслан Ербота Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды.
"Алматы облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Сарсеев Руслан Ерболұлы Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы – баспасөз хатшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды" делінген әкімшіліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Руслан Ербота әр жылдары Азаттық радиосында, 31 телеарнадағы Информбюро бағдарламасында журналист болып істеген. 2017-2020 жылдар аралығында "ЖасАлаш" газетінің бас редакторы болған.
Соңғы жылдары "Malim.kz" деген сайт ашып, соның жұмысына жетекшілік еткен. Тәуелсіз журналистиканы дамытуға атсалысқан.
Журналистік қызметте қоғамдық-саяси тақырыптарға қалам тербеген.
Бұған дейін Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы қызметін Айдар Башбаев атқарған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір