30 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев лауазымынан босатылуы мүмкін. Ақпарат YEDILOV ONLINE Телеграм каналында жарияланды.
Бұған дейін Бақытжан Сағынтаевтың отставкасын талап етушілер петиция іске қосқан.
Петиция авторларының пікірінше, Сағынтаев өміріндегі ең маңызды сынақтан өте алмаған. Ең қиын күндері қала тұрғындарына моральдық жағынан да, физикалық жағынан да қолдау көрсетпеген.
Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың біріне берген сұхбатында Сағынтаевты Қаңтардағы оқиғаларға байланысты кінәламайтынын, бірақ алматылықтардың көңіл-күйін ескеретінін мәлімдеген.
Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласын 2019 жылдың маусым айынан бастап басқарып келеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір