• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:57:48
Алматы
+12°

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінің видеосы жарияланды.

Нұрсұлтан Назарбаев съездің тарихи мәніне тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясының төрағасы етіп сайлау туралы ұсынысын партияластары қолдайтынына сенім білдірген.

– Кейінгі бір жарым жыл ішінде партия жүйелі түрде қайта жаңғырды. Оны толық басқаруды қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсыру бұл процестің соңғы кезеңі деп санаймын. Партиядан президент сайлауына ұсынылған және қолдауына ие болған адам оны басқаруға тиіс. Бүгінде Қазақстан президентінің басшылығымен маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүзеге асуда. Барлық қажетті ресурсы бар "Nur Otan" партиясы оларды орындау барысында  сенімді тірек болуы керек, – деді елбасы. 

Съезд шешімімен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланған.

19 қаңтарда мәжіліс Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жоятын конституциялық заңдарға түзету енгізген. 

27 қаңтарда сенат депутаттары  заң жобасын қарап, президент мемлекеттік бастамаларды елбасымен келісуі қажет деген нормалардың күшін жоюды ұсынып, мәжіліске жіберген.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Nur Otan партиясы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір