28 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы кей азық-түлік тауарларының бағасын реттеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Басқарма ақпаратынша, жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясында бағаны реттеп, 60 күнге сәбіз бағасын келісіне 161 теңге, күнбағыс майының литрін 791 теңгеден белгілеу мәселесі қарастырылып жатыр.
Жеңілдетілген несие "Магнум" (5,7 млрд теңге), "Тоймарт" (430 млн теңге) желілеріне, жұмыртқа өндірумен айналысатын "Алсад" (800 млн теңге), ет сататын "Асыл Ет" (88 млн теңге) компанияларына берілген.
Осыған байланысты сауда желілерінде кей тауар түрлеріне төмендегідей шекті баға белгіленді.
"Магнумда" ай соңына дейін:
- картоп – килограммы 119 теңге;
- сәбіз – килограммы 128 теңге;
- пияз – килограммы 86 теңге;
- қырыққабат – килограммы 117 теңге.
30 сәуірге дейін "Тоймартта":
- картоп – килограммы 199 теңге;
- пияз – килограммы 89 теңге.
Бұдан бөлек қаланың Көк базар, Жаңа бұлақ, Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түркісіб жәрмеңкесі секілді базарларында әлеуметтік сөрелер ашылған. Ол жерде картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, күріш, кеспе, ұн төмендетілген бағамен сатылады.
Сондай-ақ Жұлдыз, Орбита, Таусамалы, Арыстан, Тастақ базарларында ет сөрелері істеп тұр. Ол жерлерде сиырдың төс және қол еттерінің келісі 2050 теңгеден белгіленген.
"Алматынан" наубайханасымен жасалған меморандум нәтижесінде бөлке нан бағасының бастапқы жіберілетін бағасы 85 теңге көлемінде белгіленсе, сүт өнімдерін сататын "JLC" дүкендер желісімен 130 сауда нүктесіндегі бағаны арзандату туралы келіссөз жүргізілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір