22 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан
Белгілі заңгер Абзал Құспан халық наразылығынан кейінгі жаппай тәртіпсіздіктер бойынша ұсталған азаматтарды тергеп тексеруге байланысты қоғамдық комиссия құрылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Әділдік талап еткен, араша сұраған ағайын!
Қазір ғана мемлекеттік хатшымыз Ерлан Қаринның қабылдауынан шығып келемін. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары, оның ішінде бірінші кезекте полицияға адам құқықтарын сақтау туралы қатаң тапсырма берген. Алайда, жағымсыз хабарды таратушылар жағынан да, тіпті сол полицияның өзі тарапынан да жаңа тәртіпке мойынсұнғысы келмейтін арандатушылар бар сияқты. Дәл ондай арандатуға басқа-басқа қазіргі уақытта Ақорда мүдделі емес екені айдай анық қой, енді.
Ендеше сол жағдайларды қоғам атынан тексеріп көруді бізге сеніп тапсырып отыр. Қазір мен комиссия құрудың заңдылығы, өкілеттігі сияқты мәселелерді талқылауға Бас Прокуратураға барамын, бастысы Ақорда қарсы емес! Шыққан соң тікелей эфир жағдайында жүздесіп, жағдайды өздеріңе баяндайтын, өздеріңізбен кеңесетін боламын" деп жазды желіде Абзал Құспан.
Еске сала кетейік, 21 қаңтарда заңгер А. Құспан әлеуметтік желіде өзінің және бірқатар құқыққорғаушылардың атынан бейбіт митингке қатысқаны үшін ұсталып, соққыға жығылып, азаптауға ұшырап жатқандардың жайын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір