• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:39:50
Алматы
+12°
Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

"Егіс алқаптарын және әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіруге арналған басым дақылдар өндірісін ұлғайту жоспарланған. Қазіргі уақытта елімізде негізгі азық-түлік тауарларының 5 айлық қоры қалыптастырылды. Тұтынушы үшін бағаны төмендету үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін (тізбеде олардың 19 түрі) 15-тен 10%-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, жергілікті бюджет есебінен тұрақтандыру қорларын қаржыландыру және сауда желілерін кредиттеуді 140 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда (бүгінгі күні 70 млрд. теңге бөлінді)" делінген комитет таратқан хабарламада.

Комитет бұдан бөлек маусымаралық кезеңде Орталық Азия елдерінен ерте импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін форвардтық сатып алуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір