19 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда локдаун енгізілмейтінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, алдағы уақытта шектеу шаралары өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қолданылмақ.
– Бүгінде ел ауқымында локдаун енгізу жоспарланған жоқ. Біз қолданып отырған барлық шектеу шаралары Денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтуға, коронавирустық инфекциядан болатын өлім-жітімді азайтуға, денсаулық сақтау жүйесінің қызып кетуіне жол бермеуге бағытталған, ал шұғыл көмек барлық халыққа қолжетімді, – деді Ажар Ғиният.
Министр елде "Омикрон" штамы тез таралып жатқанын және бүгінде Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңір "қызыл" аймақта тұрғанын атап өтті.
– Соңғы айда өлім саны 2-2,5 есе азайды. Өсу үрдісі жоқ. Соңғы айда стационарларда ем алатын пациенттер саны 2 есеге, амбулаториялық деңгейде 5 есеге артты, – деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір