Басылым сондай-ақ жақсы байланыстары бар іскер дереккөздің пікірін келтіреді. Дереккөз қазіргі уақытта элита мүшелері Тоқаевқа жақындағысы келетінін білдіріп жатқанын жеткізген.
Ол сонымен қатар Тоқаев биліктен Назарбаевтың жанұясы және оған жақын адамдарды тазалаумен шектелетінін атап өткен.
"Тоқаев ақымақ адам емес, әрі ел имиджі қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Абайлап, бірсарынмен әрекет етеді. Автоматтан оқ жаудырмайды, адамдарды снайпер винтовкасынан көздеп ататын болады" дейді дереккөз.
Басылым 2019 жылы Назарбаевтың "Елбасы және Қауіпсіздік кеңесінің басшысы ретіндегі статусы мызғымастай көрінгенін жазып, "30 жыл бойы жасалған образдың бірнеше күнде күл талқаны шықты" деп келтірген.
Пікір қалдыру
пікір