• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:58:26
Алматы
+12°

Фото: Ашық дереккөз

Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы ақпарат кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында жарияланды.

"Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы  басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды" делінген Құлыбаев мәлімдемесінде.

Тимур Құлыбаев Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы күйеу баласы. Әйелі Динара Құлыбаева екеуінің ортақ капиталын қосқанда Қазақстандағы ең бай адам болып шығады.

Қауіпсіздік кеңесінің төралығы Н.Назарбаевтан Қ.Тоқаевқа өткелі Назарбаевтың осымен үшінші күйеубаласы қызметінен кетті.

Бұған дейін "ҚазТрансОйл" АҚ басқарма төрағасы Димаш Досанов пен "ҚазТрансГаз "ҰК "АҚ басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев қызметінен босатылған.

Димаш Досанов Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның, ал Қайрат Шәріпбаев үлкен қызы Дариға Назарбаеваның күйеуі.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тимур Құлыбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір