• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:30:26
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрлігі 15 қаңтар күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 13 523 адамнан коронавирус, 85 адамнан пневмония анықталған. 14 қаңтарда 5 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмған.

16 қаңтардағы мәлімет бойынша, 67 700 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 186 пациент стационарда, 61 514 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 253 адамның жағдайы ауыр, 78 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары "Қызыл" аймақта.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.

16 қаңтардағы мәлімет бойынша 9 059 198 адам вакцинаның I компонентін, 8 616 985 адам II компонентін салдырған.

2022 жылғы 16 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда PFIZER вакцинасының I компонентін – 436 344 адам, II компонентін 224 074 адам салдырған.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір