• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:42:07
Алматы
+12°

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Белгілі саясаттанушы Санжар Боқаев әлеуметтік желідегі парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, алты ұсыныс айтты.

"Біріншіден, ескі кадр саясатынан бас тарту керек. Ал сіз сол бұрынғы адамдарды қайта қойып жатырсыз. Бұлай болмайды. Біз онсыз да 30 жыл осыны көріп келе жатырмыз. Мұның ешқандай тиімділігі жоқ. Егер басшы жемқор болып немесе тиімсіз жұмыс істесе, онда ол қол астына тура сондай адамды жұмысқа алады. Бұл – барлық мемлекеттік органдарда жайлаған.

Екіншіден, заңсыз кеткен ақшаларды халыққа қайтару керек. Ол халықтың ақшасы. Егер сіздер ең болмағанда ақшаның кішкене бөлігін  10, 20 млрд долларды қайтарсаңыздар онда бұл – экономикамызға жаңа серпін береді. Сіздер қоғамның саяси әлеуметтік жағдайын жақсарта аласыздар. Бұл  –сіздерге келесі сайлауда көмектеседі.

Үшіншіден, әділ сайлау жүйесін құру керек. 30 жыл бойы сайлау қорытындысын бұрмалап келгеніне куә болдық. Халық дауыс беріп тұрып ішінен алданып тұрғандарын сезіп тұрады. Бұған жол бермеу керек. Парламенттегі мына адамдармен ештеңе өзгерте алмайсыздар.

Төртіншіден, ескі өндірістік саясатынан бас тарту керек. Ол мүлде тиімсіз. Мен қанша жыл бойы автокөліктердің тек дөңгелегін салып "отандық" деп шығаратындарына куә болып келемін. Бұл – нағыз алдау.

Бесіншіден, қала және облыс әкімдерін халық өзі сайлауы керек. Себебі халық сайлаған әкім өз жауапкершілігін сезінеді. Халықты ойламайтын әкімдерді қайта-қайта қоя береді ауыстырып.

Алтыншыдан, президенттің қоғамдық қабылдау орындарын бүкіл облыстарда ашу керек. Бұл – мәселенің қайда және неде жатқанын көрсетеді. Өзіміздің әлсіз жақтарымызды көре аламыз. Неліктен адамдар Астанаға барып, өздерінің арыз-талаптарын білдіреді. Өйткені жергілікті мемлекеттік органдар жұмыс істемейді. Саяси партиялар тиісті міндеттерін орындамайды" делінген видеоүндеуде.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от Санжар Бокаев (@sanzhar_bokayev)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір