• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:45:29
Алматы
+12°

Ұлттық қауіпсіздік комитеті комитет төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш демалыста екені туралы ақпаратты толықтырды.

"Үстіміздегі жылғы 13 қаңтардан бастап ол жыл сайынғы демалысында" делінген ақпараттық хабарламада.

Бұған дейінгі ақпаратта демалыс датасы жазылмаған болатын.

5 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Мұрат Нұртілеу тағайындалғанда Самат Әбіш қызметінен кеткені туралы ақпараттар шыққан.
 
Самат Әбіштің демалысы туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің алғашқы, демалысқа шығу датасы жазылмаған ақпаратынан кейін әлеуметтік желіде Самат Әбіштей ұлттық қауіпсіздікке жауапты орган басшысының бірінші орынбасары елде дүрбелең болып жатқанда қалай ғана демалыста жүреді деп жазушылар болған.
 
Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан ҰҚК таратқан ақпаратқа сенбейтінін жазған.
 
"Ел аяққа тік тұрып, атыс болып, адам өліп, әкімшілік өртеніп, ҰҚК департаментін басып алып, ішкі істер департаментіне шабуыл жасалып жатқанда ҰҚК бірінші орынбасары қалай ғана демалыста болады. Өз басым бұл ақпаратқа сендеймін. Шамасы шындықты кейінірек білетін сияқтымыз" деді Мұхтар Тайжан.
 
Жібек Әшіржантегі есімді facebook қолданушысы да Самат Әбіш қызметінде болып, елдегі жағдайда демалыста жүргеніне наразы.
 
"Елдігімізден айырлып қала жаздап, талай бейкүнә адамның қаны төгіліп, біз шар құрып іздеп жүрсек, мына кісі еңбек демалыста екен. Елде төтенше жағдай жарияланып жатқанда демалыстағы кісіні шұғыл шақыртуға болмай ма? Әлде демалысына кедергі келтіруге болмайтында қатты жұмыс істеп қойды ма?" деп жазады ол.
 
Самат Әбіш Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Сатыбалды Назарбаевтың баласы.
 
Ресей баспасөзі бұған дейін Самат Әбіш пен оның ағасы Қайрат Сатыбалды Дубайда ұсталғаны туралы ақпарат таратқан.
 
Оқи отырыңыз:
 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Самат Әбіш

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір