12 Қаңтар, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдайдың барысына байланысты үш сценарийді атады.
– Оптимистік сценарий кезінде, ревакцинациямен 100 пайыз қамтып, алдын алу шараларын жаппай сақтаған жағдайда тәулігіне 17 мыңнан аса жағдай тіркеледі. Реалистік сценарийге сәйкес, ревакцинациямен 70 пайыз қамтылған жағдайда тәулігіне 25,5 мың жағдай тіркелуі мүмкін. Пессимистік сценарий бойынша, алдын алу шарасын сақтамай, ревакцинациямен 40 пайыз қамтылған жағдайда тәулігіне 40 мың жағдай тіркелуі мүмкін, – деді Ажар Ғиният.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір