• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 20:46:42
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі 27 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 354 адамнан коронавирус, 1 адамнан пневмония анықталған. 26 желтоқсанда 9 адам коронавирустан көз жұмды.

28 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 17 361 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 2 533 пациент стационарда, 14 828 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 211 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Павлодар, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

28 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 955 943 адам вакцинаның I компонентін, 8 473 343 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір