• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:34:37
Алматы
+12°

Денсаулық сақтау министрлігі 23 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 460 адамнан коронавирус, 76 адамнан пневмония анықталған. 22 желтоқсанда 3 адам коронавирустан көз жұмған.

24 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 18 404 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 2 921 пациент стационарда, 15 483 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 254 адамның жағдайы ауыр, 70 пациенттің жағдайы өте ауыр, 56 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

24 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 931 073 адам вакцинаның I компонентін, 8 432 936 адам II компонентін салдырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір