23 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Видеодан скриншот
Қарағанды облысындағы шаруа қожалықтың бірінде мал жаппай белгісіз дертке шалдығып жатыр. Малшылар ірі қараға екі жыл бойына бірде-бір екпе салынбағанын, енді оның зардабын көріп жатқандарын жеткізді, деп хабарлады Астана арнасы.
Телаарна мәліметінше, Шет ауданында бүгінде ауруға шалдыққан ірі қара саны 800-ге жеткен. Жергілікті ветеринарлар малшылардың пайымына қарсы уәж айта алмаған. Өйткені тегін дәрі алуға мемлекеттен қаржы бөлінбеген.
Сәуле, Қарағанды облысы Ақжал кентінің сәуле есімді тұрғыны малға вакцина салынбағанына 2 жыл болғанын айтады.
– Мал әбден ауырған соң шақырттық. Сол кезде келіп вакцина салып кетті. Бірақ қалған вакцина мен витаминдерді өзіміз сатып алып салдық. Тегін бе деп сұрадық, дәрігер "өздеріңіз сатып аласыздар, бізге ондай ақша бөлінген жоқ" деді.
Мал ауруы Шет ауданының Ақжал кентінен басқа Ақшатау, Киікті, Ақсу-Аюлы, Босаға ауылдары мен Мойынты кентінде жаппай өршіген. Сиырлар мен бұзаулардың ауыздарынан су ағып, жем- шөп жей алмай жатып қалған. Мұндай жағдай алғаш қарашаның ортасында байқалған. 6 мал арам қатқан. Алайда ауылдықтар одан да көп сиыр қырылуы мүмкін деп отыр.
Ветеринар мамандар белгісіз дерт етек алғанын растаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір