• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 14:23:04
Алматы
+35°

Фото: Шыңжаң өлкесі. Оңтүстік Шыңжаңда (көк түспен боялған бөлігі) негізінен ұйғырлар тұрады. Сүлтүстік Шыңжаңда (қызыл түспен боялған бөлігі) негізінен қазақтар өмір сүреді.

Қытай АҚШ шенеуніктеріне санкция жариялады. Бұған дейін Бейжіңнің Шыңжаңдағы қазақ, ұйғыр сияқты азшылықтарға жүргізген саясатына қарсы Вашингтон санкциялар жариялаған. Көп өтпей АҚШ-тың діни бостандықты бақылайтын үкіметтік комиссиясының төрт мүшесіне Бейжің санкция жариялады.

Сейсенбі күнгі кезекті баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Қытай сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзян Америка Құрама Штаттарының Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясының төрайымы Надин Маенза, төраға орынбасары Нури Туркел және комиссия мүшелері Анурима Бхаргава мен Джеймс Каррге санкция салынғанын мәлімдеді.

Комиссия Құрама Штаттардан тыс жерлерде діни сенім бостандығын бақылайды және АҚШ президентіне, мемлекеттік хатшысына және Конгресске саяси ұсыныстар жасайды.

Таяуда АҚШ сенаты Қытайдың Шыңжаң аймағынан келетін импортқа тыйым салу туралы заң жобасын қабылдаған. Бұл – "Бейжіңнің Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ сияқты мұсылман азшылығына жасаған қатал саясатына қарсы Вашингтонның жауабы" деп саналды.

Сонымен қатар, АҚШ, Австралия, Ұлыбритания және Канада Бейжің қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялап, өз министрлерін жібермейтінін мәлімдеген

АҚШ президенті Джо Байден алдыңғы айда Бейжің олимпиадалық спорт ойындарына бойкот жариялау жоспары бар екенін мәлімдеген. Кейінірек АҚШ Бейжің Олимипиадасына бойкот жариялаған алғашқы ел атанды.

Вашингтонның бұл әрекетінен көп өтпей Бейжің АҚШ-ты айыптады

Кейінірек BBC "Бейжің-2022 бойкотының қаншалықты маңызы бар" екендігі туралы сараптама мақала жариялады.

Халықаралық ұйымдар және көптеген демократиялық елдер Қытайды "Шыңжаң автономиясында тұратын ұйғыр, қазақ сияқты мұсылман азшылықтарына геноцид жасады" деп айыптайды.

Сонымен қатар, Бейжіңнің Гонконгтағы саяси бостандықтарды басып-жаншу әрекетіне қатысты да шиеленіс күшейе түсті.

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ Шыңжаң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір