• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 17:27:22
Алматы
+35°
Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған Алексей Цой отставкаға кету себебін түсіндіріп, алдағы уақытта қайда баратынын хабарлады.
 
Экс-министр азаматтық секторға кетуге, денсаулық сақтау саласын ғылым мен әлеуметтік бастамалар арқылы дамытуға шешім қабылдағанын айтады.
 
Ол facebook-те жариялаған жазбасында президент тарапынан өзіне коронавирусқа байланысты ахуалды тұрақтандыру, денсаулық сақтау саласы әлеуметін көтеру міндеті жүктелгенін, міндетті орындауға барынша тырысқанын атап өткен. Сондай-ақ ол өзінің тұсында атқарылған жұмыстар туралы баян етіп, біршама шаруа тындырылғанын жеткізген. 
 
"Біз эпидемиологиялық қатер туа қалса, дер кезінде әрекет ету үшін бар жағдайды жасадық. Әр аймақта жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, жедел жәрдем көлігі паркі, ИВЛ аппараттар, ауылдардағы қозғалмалы медициналық кешендер жаңартылды. Отандық фармөнеркәсіп өндірістің жоғары өсімін көрсетіп жатыр. Дәрілік заттар мен медициналық жабдықтар қоры жасалды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мен зертханалық қызмет әлеуеті артып, QazVac вакцинасы жасалып шығарылды" деді ол.
 
Сөзінше, қысқа мерзімде денсаулық сақтау саласы күшейе түскен.
 
Цой жаңа еңбек жолын жақында айқындайтынын айтып, алда жаңа жобалар тосып тұрғанын жеткізді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір