10 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: өңірлік коммуникациялар қызметі
Талдықорған қаласына қараша айының ортасында 16-дан 37 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, жасөспірімдер мен босанғаннан кейінгі 42 күннен бастап бала емізетін аналар үшін 46 800 доза мөлшерінде Комирнати (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы әкелінді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінгі күні Комирнати вакцинасының бірінші компонентін 8290 жасөспірім алды, сондай-ақ лактация кезеңіндегі 1439 ана мен жүктілік кезінде 550 әйел вакцина алып үлгерді.
Ал, ревакцинациялауға келер болсақ, 22 қарашадан басталған егу жұмыстары өз нәтижесін беруде. Қазіргі кезде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың үшінші кезеңінен 5926 адам өтті, оның ішінде 1432 адам өз бетінше тексерілді, 483 педагог, 60 жастан асқан 191 адам, күш құрылымдарының 85 сондай-ақ, 3561 медицина қызметкері ревкцинациялау курсынан өтіп үлгерді.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 880 820. Екінші компонентінті 802 811 тұрғын салдырған.
Айта кетейік, өткен тәулікте Алматы облысында 30 адам КВИ жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде Талдықорған қаласында-5, Алакөл және Жамбыл аудандарында -4, Қапшағай қаласында – 3, Панфилов, Сарқан, Талғар және Ұйғыр аудандарында - 2, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Кербұлақ және Көксу аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.
9-желтоқсандағы ресми мәліметтер, өңірде 593 адам стационарлық ем қабылдап жатқандығын көрсетуде. Жалпы аймақ ауруханаларындағы төсек-орындар саны 1790-ды құрайды. Оның жүктемесі 33,1 %-дық көрсеткішті құрап отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір