• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:37:12
Алматы
+12°

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні Кеген ауданында кең көлемде аталып өтті. Айтулы шарада Кеген аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары А. Нұғыман Елбасының сарабдал саясаты, еліміздің өркендеуі тұрғысында баяндама жасады.
 
Елінің аманатын арқалаған Тұңғыш Президент күнінде аудан әкімі Талғат Ескендірұлы аудан тұрғындарын мәртебелі мерекемен құттықтады.
 
Биылғы мерекені Тәуелсіздігіміздің мерейлі 30 жылдығы мерекесінің алдында қарсы алып отырмыз. Санаулы күндерден кейін мемлекетіміздің құрылғанына 30 жыл толады. Желтоқсан айының бірінші жұлдызы жыл сайын аталып өтілетін мемлекеттік мейрам. 1991 жылдың 1 желтоқсанында елімізде өткізілген бүкіл халықтық сайлаудың нәтижесінде алғаш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізілді. Содан бері 1 желтоқсан Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті күні болып белгіленіп, аталып өтіп келеді.
 
Бұл мерекенің орны бөлек. Қазақ қазақ болғалы өз алдына егемен ел болуды аңсады. Өз елі өз жерінде ұлтынан шыққан бір азаматтың Президент болуын қалады. Сол аңсаған күн, аңсаған бақ біздің басымызға қонды. Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халқымызға арнаған Жолдауында «Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды»,- деп аудан басшысы Елбасының Қазақстан тарихында алатын ерекше орны мен оның сарабдал саясаты арқылы мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін баса айтып, мерекелік шарада ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала қызметкерлерлері мен ардагерлерге мерекелік марапаттар табыс етті.
 
Сонымен бірге аудандық Аналар Кеңесінің төрайымы Б.Көнеева, С. Серкебаев атындағы орта мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А. Қызайбай аудан жастарының атынан жүрек жарды лебіздерін жеткізді.
 
Мерекелік кеші соңы аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының ән кешіне ұласты.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір