• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:23:23
Алматы
+12°

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев өңірлерге жұмыс сапарын бүгін Жамбыл ауданынан бастады. Онда бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандардың жұмысымен танысып, аудан активімен кездесті, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс басшысы алдымен Ұзынағаш ауылында өткен жылдың қаңтарында қолданысқа берілген 100 орындық перзентхана мен бір ауысымда 100 адам қабылдай алатын әйелдер консультациясына барды.

Строительство дорог

Ұзынағаш аудандық ауруханасының директоры Дамир Сұраужановтың айтуынша, мұнда 10 айда 4800 нәресте өмірге келген. Жаңа перзентханада ана мен балаға қажетті барлық жағдай жасалып отыр. Әлеуметтік маңызы зор нысанның жұмысымен танысқан Қанат Бозымбаев ана мен бала өлімін азайту мақсатында алдын алу шараларына көп көңіл бөлу керектігін айтты.

- Болашақ аналармен жүйелі жұмыс жүргізіп, ауыр жағдайлардың алдын алуға назар аудару керек. Жүкті әйелдерді есепке алғаннан кейін дәрігерлер аулаларды аралап, оларға өздері барып көріп тұруы тиіс. Жүкті әйелдерді тұрақты бақылауға алып, құрсақтағы сәбиден патология анықталатын болса, әйел бірден ауруханаға жатқызылып, ем-дом уақытылы жасалуы керек. Нақты іс-әрекет алгоритмі дайындалсын. Әкімдік өз тарапынан медицина мамандарының іркіліссіз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек. Мен мұны барлық аудан, қалалардан талап ететін боламын. Мұндай тәжірибе бұрыннан бар, ол ана мен бала өлімін азайтуға мүмкіндік береді, - деді Қ.Бозымбаев.

Облыс басшысы медицина мекемесіндегі кадр жетіспеушілігін шешу, нысанның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, вакцина егу қарқыны, диагностика жұмысын ұйымдастыру жайлы да сұрап білді. Мәселен, жылжымалы медициналық кешен жұмысының арқасында аудандағы 59 елді мекеннің 72200 тұрғыны скринингтен өткен. Бұл жұмыстарға оң бағасын берген Қанат Алдабергенұлы бұдан әрі құрылыс алаңдарына барды.   

1500 орындық мектептің құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Мектеп ғимаратын «BI Global» ЖШС салуда. Бүгінгі күні ғимарат қаңқасының 30% тұрғызылып, ішкі желілерінің 50% жүргізілген. Қанат Бозымбаев ғимарат шатырының жобадағы нұсқасы солтүстік өңірдің климатына көбірек келетін болғандықтан, оны ауыстырып, жобаға өзгерту енгізу керектігін ескертті.

Халықты қолжетімді баспанамен қамту мәселесі де облыс басшысының назарынан тыс қалған жоқ. Жұмыс сапары барысында ол 60 пәтерлік бес қабатты үш жалгерлік үйдің құрылысытарының барысымен танысты.

Өңірде экспортқа бағытталған маңызды нысандардың бірі - ірі қара мен ұсақ мал етін өңдейтін «Empire Food» ЖШС. Бұл кәсіпорын «Халал» технологиясымен жылына 8 тоннаға дейін ет өнімдерін шығарады. Бұл туралы зауыт директоры Арман Джавида айтып берді.

Зауыттың жұмыс процесінің қалай ұйымдастырылатынымен, мұндағы ет өнімдерінің түрлерімен танысқан облыс басшысы аудан әкімдігіне осы кәсіпорынға тиісті көмек көрсетуді тапсырды.

Бұдан әрі Қанат Алдабергенұлы «Тексан Қазақстан Инвест» ЖШС-ға атбасын тіреді. Бұл нысан – электр құрылғыларын өндіретін іргелі кәсіпорындар санатында. Мұнда үйге, кеңсеге, өндірістік нысандарға, көшені жарықтандыруға және басқа да мақсаттарға арналған жарық шамдарының 300-ден астам түрі шығарылады. Зауыт директоры Эндер Доган өз сөзінде қазір ұжым ағылшындардың тапсырысын дайындау үстінде екенін айтты.

Кәсіпорындағы өнім түрлерімен танысып, цех жұмыстарына куә болған Қанат Бозымбаев әлеуметтік нысандарда электрмен қамтуды жобалау кезінде «Тексан Қазақстан Инвесттің» өнімдері ескерілуі керек екенін ескертті.

- Облыста мектептер, ауруханалар, тұрғын үйлер көптеп салынып жатыр. Сапалы электр техникалық құрылғылар, кабельді-науалық өнімдер осындай әр нысанға керек. Ал оның бәрі осы кәсіпорында шығарылып жатыр, ассортименті мол. Бұл тапсырмамды жұмыс сапарының хаттамасына енгізіңіздер, - деді Қанат Бозымбаев.

Бұдан кейін облыс әкімі аудан активімен кездесті.

- Алдымыздағы тұрған міндет – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларын, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыру. Бұл ретте оны орындауға ауданда барлық мүмкіндік бар. Біз елдің экономикалық қуатын арттыру мен әл-ауқатын жақсарту бағытында мақсатқа жұмылып жұмыс істеуіміз керек, - деді Қ.Бозымбаев.

Одан әрі сөз аудан әкімі Нұрлан Ертасқа беріліп, ол өңірдегі атқарылған істер мен жоспарлары туралы баяндады.

Баяндаманы мұқият тыңдаған Қанат Бозымбаев аудан басшыларына Қарғалы, Ұзынағаш, Мыңбаев, Еңбекшіарал ауылдарындағы ауыз су мәселесін шешу, елді мекендер жолдарының сапасын реттеу, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, фермерлер арасында мемлекеттік қолдау туралы түсіндіру шараларын жүргізу мәселелеріне қатысты бірқатар сауалдар қойды.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Қанат Бозымбаев тапсырмалар жүктеп, аудан басшылығының алдына жаңа міндеттер қойды. Атап айтқанда, агросекторға инвестиция тарту жұмысын жандандыру, тұрақты жұмыс орындарын ашу, өңдеу өндірістерін ашуға ден қою, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жаңа инвестициялық жобалар ұсыну тапсырылды. Сол сияқты құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, алдын алу, тұрғындар арасында вакцинация алудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Жылыту маусымының үздіксіз өтуін қамтамасыз ету, соның ішінде газдандыру, көмірмен жеткілікті көлемде қамту мәселесі де айтылды. Әлеуметтік мәні бар азық-түлік бағасының көтерілуіне жол бермеу қатаң тапсырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір