Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысының отын-энергетикалық кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жылыту маусымына дайындығы қаралды.
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, бірқатар мемлекеттік органдар мен коммуналдық кәсіпорындардың басшылары, сонымен қатар, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының әкімдері онлайн түрде қатысты.
Коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қазандықтарды, жылу желілерін, су құбыры-кәріз және электр желілерін жөндеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында есеп берді. Жалпы, жөндеу жұмыстарының кестесі сақталуда, облыста жылыту маусымына дайындық жоспарға сай.
Өңір басшысы Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдеріне бұл сұрақты үнемі бақылауда ұстауды, жылыту маусымының уақытында басталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жиында сондай-ақ, өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, COVID-19-ға қарсы екпе алу барысы мен облыс бюджетінің орындалуына байланысты сұрақтар қаралды.
Жиын соңында өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жол құрылысы қарқынын тездетуге және т.б. қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру
пікір